Wednesday, November 14, 2007

Үй тапсырмасы: блогтарды зерттеу

  1. kz.kazakhstan.neweurasia.net, Жаңаеуразияның қазақ тіліндегі блогы
  2. http://massagan.com , жастар порталы
  3. http://qazaqblogshilar.wordpress.com Қазақ тілінде блог жүргізуге арналған блог
  4. adam-kesher.livejournal.com, Адам Кэшердің блогы

Зерттегелі отырған сайт немесе блог туралы төмендегідей мәліметтерді көрсетіп жаз:

  1. Сайттың (блогтың) аты және URL мекені
  2. Сайт қай тілді қолданады?
  3. Сайттың иесі кім? Ұжымдық блог па? Жеке блог па? Иесінің толық аты-жөні көрсетілген бе? Есімі ғана ма? Лақап аты ма?
  4. Автор қай жерде өмір сүреді?
  5. Сайт қашаннан бері жұмыс істейді? Сайт қаншалықты белсенді жұмыс істеп тұр? (Орташа есеппен аптасына қанша адам сайтты оқиды?)
  6. Сайтта оқырмандарға пікір қалдыруға бола ма екен? Иә болса, онда қанша пікір бар? Сеніңше ол аз ба, әлде көп пе?
  7. Сайттағы жазбаларға жазылып қоюға бола ма? RSS feed?
  8. Сайттың оқырмандары, қоғамы кімдер? Сайттағы сілтемелер мен пікірлерге назар аудар. Сайт қандай дереккеөздерді жиі қолданады? Автор көбіне қандай жайттарға назар аударады?
  9. Жалпы мазмұнына көшейік: Сайттағы мақлалардың жалпы тақырыбы қандай? Көбіне жеке өзіне қатысты ма? Жаңалықтар ма?
  10. Сайттан қандай әсер алдың? Сайтты азаматтық журналистикаға үлес қосып отыр деп ойлайсың ба? Сенің ойыңша бұл сайт бұқаралық журналистикаға үлес қосу үшін не істеуі керек? Қандай артықшылығы немесе кемшілігі бар?
  11. Осы сайт жөнінде тағы не айта аласың?

No comments: