Wednesday, November 14, 2007

Медиа мектептегі 10 қызық!

Мектепте оқығанымызға 1,5 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бәріміз талай қызықтардың куәсі болдық. Cоларға толығырақ тоқталсақ.
  1. Танысуымыз! Бір-бірімізбен танысу ойын түрінде өтті. Ойын шарты бойынша аттарымыздың бас әрпінен тұратын көкөніс немесе жемістің атын өз аттарымызға тез тіркеп айту. Сол кездегі аттарымыз:Ақбота (куратор) - алмаИндира - инжирНазира - нан (нан қымбаттаған кез!)Инга - итмұрынАсем - апельсинАқбілек - алмұртМая - миіз Ақбота - ананас Жадыра - жуаШыңғыс - шабдалыДинара - доланаБалжан - булочка
  2. Әркім өзі жайлы айту: үмітім, девизім, өмірде жіберген қателігім.
  3. Алматыдағы Бейбітшілік сарайы. Подводкадағы жаңалық.
  4. Ипотека алушылар саны көбейуіне байланысты хедлайн ойлап табу:Бағила: "Ақшаны ақша табады, ақымақ кетпен шабады" Балжан:"Жалақы жарымды болса, ипотека иірімді болады" Жадыра:"Ипотека алып жүр талай қазақ баласы... "Динара: "Ипотека деушілер көп, пайдасын көрушілер жоқ" Индира: "Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ, ипотеканың соңы жоқ..." (керемет!)
    Шыңғыс:"Қиналғанда құтқарады, қайтарғанда жұтатады"
    Ақбота:"Ипотека итжеккен өмір ме?"
    5. Аққу - Шортан һәм Шаян болдық! Монтаж үстіндегі тартыс. Happy end!
    6. "Мафия" жеңіске жетті!
    7.Бесминут ішінде ұйыдастырылған пресс-конференция, Әкім мен журналисттердің пресс-конференцияда қол соғуы!
    8. Жұмбақ: "Бір жаңылсаң өмір ұмытпайтын жалмауыз, қатал сыншы" (көрермен)
    9. "Принцесса" болып жеңіліп қалдық!
    10. Почта мен блог ашудың қызығы мен шыжығы

6 comments:

МедиаМектеп said...

Шынымен де қызық болған екен! Қызықты күндерің көп болсын! Дәрістерім сендерге пайдалы болды деп ойлаймын.

Jadyra said...

Әумин,айтқаныңыз келсін! Иә, сіздің дәрістеріңіз өте қызық. Сізге алғысымыз шексіз!

dinara said...

Жадыра жан бар қызықты ашып салыпсың, маған жазар қызық қалмады ғой! Иә, бәрінен де БЛОГ сабақтарының қызықтары да бір төбе, шыжығы да жеткірлік емеспе. Ал ашар жаңалықтарымыз әлі алда, көрде тұр!

Jadyra said...

Ия, Динара, саған толықтай қосыламын! Бірақ Медиа мектептегі қызықтар бұл ғана емес қой. Сізбен біз білетін қызықтар да бар емес пе?

Janarbek said...

Good job!

Jadyra Mangistau said...

Ия, сізге толықтай қосыламын! Біздің блогқа келіп өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін рахмет!