Friday, December 7, 2007

Студенттік жылдардың кезеңдері
Студенттік жылдары эмоциялық қобалжуларға себеп болатын тұлға аралық қатынастар да өзгереді. Олардың бойында түсінісуге, қобалжуларға ортақтасу, ашық әңгімелесіп, сырласуға, қарым-қатынастардың сенімді болуына деген сұраныс ұлғаяды; құрбыларымен араласудың, қарым –қатынас жасаудың маңызы арта түседі және бұл тұлға дамуының жетекші факторларының біріне айналады.
Студенттің әр курстағы даму ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Бірінші курсқа келген жасөспірім алдында ұжымдық өмірдің студенттік формаларына бейімделу міндеті тұрады. Оның әрекеттері конформистікпен ерекшеленеді; оның бойында әр ортаға сәйкес рөлін бөліп айыру қабілеті болмайды.
Екінші курс – студенттердің оқу әрекетіндегі ең күрделі кезең. Олардың өмірінде оқу мен тәрбиенің барлық формалары қарқынды жүзеге асады; екінші курс студенттері жалпы дайындықтан өтеді, олардың бойында мәдени қажеттіліктер мен сұраныстар қалыптасады. Студенттің жаңа орта мен қалыпқа бейімделу процесі негізінен осы кезеңде аяқталады.
Үшінші курс – маманданудың бастауы, студенттің ғылыми жұмыс пен ізденіске деген қызығушылығының артуы - кәсіби қызығушылықтарының дамуы мен тереңдеуінің көрінісі. Өз мамандығына тиянақты бейімделу қажеттілігі кейде тұлғаның басқа да қызығушылықтары аясының тарылуына әкеліп соғады. Студент тұлғасының жоғары оқу орнында қалыптасуына мамандығының тигізетін ықпалы үлкен болады.
Төртінші курс –тәжірибеден өту барысында мамандығымен жақын танысу кезеңі. Студентке бұл сатыда мамандығына сәйкес оңтайлы тәсілдер мен формаларды қарқынды іздеу қасиеті тән, өмірі мен мәдениеттің көптеген құндылықтары қайта бағаланады.
Бесінші курс – оқудың аяқталуы - келешекте айналысатын әрекет түріне сәйкес нақты тәжірибелік қағидалардың қалыптасатын кезеңі. Материалдық, жұмыс орнымен және отбасылық жайдайына байланысты жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп, жоғары оқу орны өмірінен алыстай бастайды. Сонымен, студенттердің жас ерекшеліктерін, олардың жалпы әлеуметтік дайындық деңгейін ескеру арқылы, осы кезең ерекшелігін студенттердің танымдылық белсенділігін арттыруға пайдалануға болады. Бұл келешекте студенттің жауапкершілігі мен кәсіби дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жетекші механизмдердің бірі болып табылады.

Friday, November 30, 2007

Кешегі күннің күркірі

Жұлдыз апайдың бізге берген 3-күндік сабағы аяқталды.Сабақ барысы өте қызықты болды. Дегенмен ол кісінің бізге деген реніші басым болды-ау деймін .Өйткені үйге берген тапсырманы бір рет орындамаған едік.
Жалпы сабақта жұмыс істеген кезде туындайтын проблемалардың шешу жолдарын қарастырдық.Тақырып қою мәселесі де назардан тыс қалмады.Әрқайсымыз әр-түрлі газеттерді алып тақырыптарының дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы өз ойларымызды ортаға салдық. Нәтижесінде тақырып қоюдың өте маңызды екенін түсіндік. Қорыта айтсақ, Жақсы тақырып, жарты мақала.
Сабақ соңында Жас Алаш газетінің электрондық нұсқасы жаңартылып жатқанын естідік. Енді ол тез ашылып,оқырман қауымының көзайымына айналар деген үміттеміз.

Saturday, November 24, 2007

Жаңалықтармен бөліссек

Жақсы хабарлармен бөлісу игі бір іс. Ендеше өткен аптадағы жаңа сабақтарың (қателеспесем PR бойынша) қалай өткені жайында неге жаңа бір пост жазбасқа, достар?
Алдағы аптада осы блогқа өткен сабақтарыңның қалай өткенін жазсаңдар бек жақсы болар еді. Апта соңына қарай бәлкім бір кездесуге уақыт табармыз, ә?!

Monday, November 19, 2007

Бейбіт пен Бейбітгүл


Осы сенбі күні еліміздегі жас әншілердің бірі Бейбіт Қорған отау құрды. Оның жары Бейбігүл есімді оралдық қыз екен. Үйлену тойы әр адамның өміріндегі ең керемет, ұмытылмас кезең емес пе? Бұл күні сен есейіп үлкен өмірге, яғни жұбайлық өмірге аттанасың. Жас жұбайларды өз атымыздан құттықтап бақыт тілейміз!

Thursday, November 15, 2007

Блогты зерттеу


Мен Адам Кэшердің блогын зерттедім.


Сайттың аты Адам Кэшер. URL мекені adam-kesher.livejournal.com



  1. Сайт орыс және ағылшын тілінде қолданылады

  2. Сайт жеке адамның блогы, Оның тек лақап аты ғана көрсетілген.

  3. Автор Қазақстанда Алматыда тұрады.

  4. Өкініштісі сайттың қашан құрылғанымен белсенділігін қарай алмадым.


  5. Сайтта оқырмандарға пікір қалдыруға болады. Адам Кешердің "Рэкетир" филімі туралы жазған постына 85 comments қалдырылыпты. Бұл меніңше өте жақсы көрсеткіш.


  6. Менің байқауымша автор жан-жақты.


  7. Сайтта жалпы әлемдегі және еліміздегі жаңалықтар жазылады, талқыланады.


  8. Сайтты нақты өзімнің көңілімнен шықты деп айта алмаймын, бірақ жақсы әсер алдым. Сайт азаматтық журналистикаға өз үлесін қосуда.

Тағы да басқа мәліметтерді беруге уақыт тығыз болып тұр. Себебі мен интернеттегі уақытымды тиімді пайдалана алмадым.






Wednesday, November 14, 2007

Медиа мектептегі 10 қызық!

Мектепте оқығанымызға 1,5 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бәріміз талай қызықтардың куәсі болдық. Cоларға толығырақ тоқталсақ.
  1. Танысуымыз! Бір-бірімізбен танысу ойын түрінде өтті. Ойын шарты бойынша аттарымыздың бас әрпінен тұратын көкөніс немесе жемістің атын өз аттарымызға тез тіркеп айту. Сол кездегі аттарымыз:Ақбота (куратор) - алмаИндира - инжирНазира - нан (нан қымбаттаған кез!)Инга - итмұрынАсем - апельсинАқбілек - алмұртМая - миіз Ақбота - ананас Жадыра - жуаШыңғыс - шабдалыДинара - доланаБалжан - булочка
  2. Әркім өзі жайлы айту: үмітім, девизім, өмірде жіберген қателігім.
  3. Алматыдағы Бейбітшілік сарайы. Подводкадағы жаңалық.
  4. Ипотека алушылар саны көбейуіне байланысты хедлайн ойлап табу:Бағила: "Ақшаны ақша табады, ақымақ кетпен шабады" Балжан:"Жалақы жарымды болса, ипотека иірімді болады" Жадыра:"Ипотека алып жүр талай қазақ баласы... "Динара: "Ипотека деушілер көп, пайдасын көрушілер жоқ" Индира: "Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ, ипотеканың соңы жоқ..." (керемет!)
    Шыңғыс:"Қиналғанда құтқарады, қайтарғанда жұтатады"
    Ақбота:"Ипотека итжеккен өмір ме?"
    5. Аққу - Шортан һәм Шаян болдық! Монтаж үстіндегі тартыс. Happy end!
    6. "Мафия" жеңіске жетті!
    7.Бесминут ішінде ұйыдастырылған пресс-конференция, Әкім мен журналисттердің пресс-конференцияда қол соғуы!
    8. Жұмбақ: "Бір жаңылсаң өмір ұмытпайтын жалмауыз, қатал сыншы" (көрермен)
    9. "Принцесса" болып жеңіліп қалдық!
    10. Почта мен блог ашудың қызығы мен шыжығы

Қосылғыштар орны ауысқанмен,қосынды өзгере ме?

Бүгінгі таңда ел аузында көптен бергі айтылып жүрген болжам расталды.Кеше үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов бірқатар министрліктерге өзгертулер енгізді.Олар

Тапсырманы қалай орындадық?

  • Бірінші топ: Министрлер ауысты
  • Қиындығы: Ақпарат табу, көп сайтты білмедік, информбюродан таптық. Мақаланы жазып, құрастырып үлгермедік.
  • Екінші топ: ТМД блогшыларының жиыны
  • Қиындығы: Ақпарат іздеуге көп уақыт кетті. Уақыт аз берілді. Бірінші қағазға жазып, сосын оны интернетке жариялауды көздедік.
  • Үшінші топ: Депутаттар жұмысы
  • Қиындығы: Ақпарат өте көп, керектісін іріктеуде қинылалдық. Статистикалық деректерді жинастыра алмадық. Сурет жіберсек пе деп ойладық. Бірақ оны жібере алмадық. Әзірге. сілтемелермен ұзақ отырып қалдық. Екі адам мәлімет іздейді. Біреуі жазады. Бірақ сол біреуіміздің интернетіміз өте, өте баяу болды!

Ригадағы блогшылар кездесуі

Соңғы уақытта блогшылар қатары көбейіп келеді. Олар осы уақытқа дейін бірнеше рет бас қосса, ендігі кездесу 2008 жылы Ригада өтпек.
Ол кездесуде қандай мәселе талқыланатыны алдағы уақыттың еншісінде.
Ал блогтардың мәселелеріне келер болсаұ, шет елдерде блогтардың ашылмай ұалуы мен жаңартылмауы басты назарда.

Сенаттың бүгінгі күн тәртібінде.


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысы өтпек. Онда "ҚР Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындығы халықаралық автомобиль қатынасы туралы " және ҚР бюджет кодексіне өзгерістермен талықтырулар енгізу туралы заң жобалары қаралады деп күтілуде.
Бқл фото www.egemen.kz сайтынан алынңан.

Үй тапсырмасы: блогтарды зерттеу

  1. kz.kazakhstan.neweurasia.net, Жаңаеуразияның қазақ тіліндегі блогы
  2. http://massagan.com , жастар порталы
  3. http://qazaqblogshilar.wordpress.com Қазақ тілінде блог жүргізуге арналған блог
  4. adam-kesher.livejournal.com, Адам Кэшердің блогы

Зерттегелі отырған сайт немесе блог туралы төмендегідей мәліметтерді көрсетіп жаз:

  1. Сайттың (блогтың) аты және URL мекені
  2. Сайт қай тілді қолданады?
  3. Сайттың иесі кім? Ұжымдық блог па? Жеке блог па? Иесінің толық аты-жөні көрсетілген бе? Есімі ғана ма? Лақап аты ма?
  4. Автор қай жерде өмір сүреді?
  5. Сайт қашаннан бері жұмыс істейді? Сайт қаншалықты белсенді жұмыс істеп тұр? (Орташа есеппен аптасына қанша адам сайтты оқиды?)
  6. Сайтта оқырмандарға пікір қалдыруға бола ма екен? Иә болса, онда қанша пікір бар? Сеніңше ол аз ба, әлде көп пе?
  7. Сайттағы жазбаларға жазылып қоюға бола ма? RSS feed?
  8. Сайттың оқырмандары, қоғамы кімдер? Сайттағы сілтемелер мен пікірлерге назар аудар. Сайт қандай дереккеөздерді жиі қолданады? Автор көбіне қандай жайттарға назар аударады?
  9. Жалпы мазмұнына көшейік: Сайттағы мақлалардың жалпы тақырыбы қандай? Көбіне жеке өзіне қатысты ма? Жаңалықтар ма?
  10. Сайттан қандай әсер алдың? Сайтты азаматтық журналистикаға үлес қосып отыр деп ойлайсың ба? Сенің ойыңша бұл сайт бұқаралық журналистикаға үлес қосу үшін не істеуі керек? Қандай артықшылығы немесе кемшілігі бар?
  11. Осы сайт жөнінде тағы не айта аласың?

Tuesday, November 13, 2007

Медиа мектептегі дәрістер

Медиа мектептегі дәрістер өз қалауымызбен таңдап алған мамандыққты кішкене боллсада игеуімізге көп көмегін тигізді. Осындай дәрістерді оқымай журналистиканы бірден игеру қиындау екенін бәрі де біледі

Mediamektepte

Biz mediamektepte GOOGLE-din barlyk mumkindikterin igerip zhatyrmyz.Keshe poshta ashtyk,al bugin GOOGLE arkyly kazak tilindegi akparattardy izdestirudi mengerdik,kazak tilindegi bloktarmen tanystyk.Aldagy uakytta atalgan bloktardy zhii karap,uzbei bailanys zhasap otyratyn bolamyn.

медиамектептегі кызыктар

Медиа мектепте окып жургенімізге бір жарым айдай уакыт болды. Осы уакыт аралыгында коп нәрселерді білдік, үйрендік, танымал тәжірибелі журналисттер дәріс жүргізді. Соның ішінде мен үшін ен кызыұты дәріс Асхат Еркімбайдың дәрісі болды, себебі әрұасысымыз қз блогымызды құрдық, сонымен катар казак сайттарына деген қызығушылыңымыз артты. ендігі бізде қз үлесімізді ұоса отырып, тиімді де қажетті мәліметтер жинамыз!

Жеке блогтарымызда не жаздық?


МедиаМектептегі дәрістерде әрқайсысы өзіне жеке блог ашты. Сонымен Инга әзірге өзінің блогын жаңартпапты. Perishte өзінің блогында адамгершілік пен пендешілік тақырыбында өз ойын білдіре келе:
Омырге келгенде барлык адамзат перыштедей таза пак болып келып. кейын осе келе жамандык кызганыш жаман касиеті бойына сініріп омырдын пендесіне айналады.
дейді.
Ал KazGU болса өзінің блогында университет жаңалықтарымен бөлісетінін хабарлапты.
Бұл болгта мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті туралы жазатын боламын.


Әзірге қысқаша шолуымыз осы.

Медиа мектеп-жаңашылдар елі.

Бұл ұжым-табиңилыұты ескеріп, әрұашан жаңашылдыұұа үмтылатын, әркімге тиімді, әрі әмбебап аұпаратты бере білетін заманауи журналистер ошаңы десем артыұ кетпеспән. үйренудің "қызыңы да, шыжыңыда мол" -дегендей біздің атаулы мектебімізде ұызыұты ұұбылыстар да аз емес:
  • Әр кезекті курс сайын біз дәрісімізді тұрлі ойындар ойнаумен бастаймыз.
  • сондай бір ойын шарты бойынша һзге білмес бір сырыңды жариа ету еді, мен бір қз сырымды айтып , бәрін күлдіргенім де есімде.
  • бірде кординаторымыздың тапсырмасы бойынш 5мин. ішінде( ешкім әлі атауымен білмейтін) пресс-канференция қткізукерек балңан. қткіздік, бірақ із сол жерде болсаңыз ңой...

Тізе берсем қызыұ кқп.

3 Сабақ: Гуглді зерттеудеміз

Бүгін gmail-ден әрқайсысына пошта ашуға жәрдемдестім. Басында ағылшын тілін білмегендіктен және жаңа терминдердің көптігінен достарым сәл қиналды. Бірақ соңында көпшілігі дерлік өз поштасын аша алды. Барлық студенттерді жаңа э-пошталарымен құттықтай отырып, іші тек қуаныш сыйлайтын пайдалы хабарлар жеткізіп тұрсын деген тілегімді білдіремін.

Үй тапсырмасы:

  1. әрқайсысың өз блогтарыңды менің жеке поштама жолдау
  2. джимейлден хат жазу
  3. бір-біріне пікірлер қалдыру
  4. блогтардың ерекшеліктерін сипаттап беру

Интернетпен қалай жұмыс істеу керек?

  • Комп токқа жалғанғандықтан, барлық файлдарды сақтап отыру керек. Ең дұрысы қойын кітапшаңа негізгі мәлеміметтер мен сандарды түртіп отыру
  • Асықпай жұмыс істеу. Асыққан - шайтанның ісі.
  • Сенімді дерек көзді табу
  • Бір ғана сайт деректеріне тоқтап қалмаңыз, қосымша екі үшеуін іздеңіз
  • Көтеріңкі көңіл күймен жұмыс істеуге тырысыңыз
  • Белігіл бір адам туралы интернетте мәлеміт бар болса, ол сондай адамның бар екенін білдіреді
  • Бірақ ол адам туралы мәлімет жоқ болса, ол адам жоқ деген сөз емес.
  • Интернеттен алынған мәліметке сілтеме жасап, оның көшірмесін сақтап қойыңыз.

Monday, November 12, 2007

Баршаңызға сәлем!

Мені өз қатарларыңызға қосқандарыңызға алғыс айтқым келеді. Болашақта қазақ блогшылар қоржынын толтырып, азда болса ,бір үлес қосамын деген үміттемін. "Көп түкірсе, көл болар"- деген сөз бар емес пе, асар асуларымыз алда...

tanysu


men Aktobe kalasynda tuylganmyn.

tanysu

men Aktobe kalasynda tuylganmyn.

таныстыру

Мен ҚазҰПУ-де халықаралық журналтстика кафедрасында 3-ші курста оқимын.

Tanystyru!!!

Salem menin atym Shingis. Men KAZ YPU-de okimyn.

2 сабақ: Блог туралы түсінік


2 сабаққа қатысқан барлық студенттерге алғысымды білдіремін. Барлықтарың бүгін блог аштыңдар. Есімде қалған кейбіреулеріңнің блогтарыңды осында көрсетіп қойдым. Егер әлдебіреуіңнің блогыңа сілтеме жасалмаса, оны ертең сабақ үстінде енгіземіз.
Ертеңгі сабақта әр қайсыңның блогтарыңа жеке-жеке тоқталып, ортақ блогты дамытып, жүргізу жайына тоқталамыз. Үй тапсырмасында бір-бірлеріңнің жазбаларыңа пікір қалдыру тапсырылғанын ұмытпаған боларсыңдар.

Үй тапсырмасы:
  1. http://qazaqblogshilar.wordpress.com блогын қарап келу.
  2. мәтін жазып келу
  3. берілген үлестірме мәтіндерді оқу

1 сабақ: Жаңа медия туралы түсінік