Thursday, December 11, 2008

Salem mediamekteptikter!!! Otip ketken qurban ait mubarak bolsyn!Haldaryn qalai? Nege habarsyz kettinder? Nendei ozgeris,zhagymdy zhanalyqtaryn bar? Bitirushi kurstar,diplomga daiyndyq qauyrt zhurip zhatqan bolar,sattilik tileimin. Habarlasyndar.Hat kutem...

Friday, December 7, 2007

Студенттік жылдардың кезеңдері
Студенттік жылдары эмоциялық қобалжуларға себеп болатын тұлға аралық қатынастар да өзгереді. Олардың бойында түсінісуге, қобалжуларға ортақтасу, ашық әңгімелесіп, сырласуға, қарым-қатынастардың сенімді болуына деген сұраныс ұлғаяды; құрбыларымен араласудың, қарым –қатынас жасаудың маңызы арта түседі және бұл тұлға дамуының жетекші факторларының біріне айналады.
Студенттің әр курстағы даму ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Бірінші курсқа келген жасөспірім алдында ұжымдық өмірдің студенттік формаларына бейімделу міндеті тұрады. Оның әрекеттері конформистікпен ерекшеленеді; оның бойында әр ортаға сәйкес рөлін бөліп айыру қабілеті болмайды.
Екінші курс – студенттердің оқу әрекетіндегі ең күрделі кезең. Олардың өмірінде оқу мен тәрбиенің барлық формалары қарқынды жүзеге асады; екінші курс студенттері жалпы дайындықтан өтеді, олардың бойында мәдени қажеттіліктер мен сұраныстар қалыптасады. Студенттің жаңа орта мен қалыпқа бейімделу процесі негізінен осы кезеңде аяқталады.
Үшінші курс – маманданудың бастауы, студенттің ғылыми жұмыс пен ізденіске деген қызығушылығының артуы - кәсіби қызығушылықтарының дамуы мен тереңдеуінің көрінісі. Өз мамандығына тиянақты бейімделу қажеттілігі кейде тұлғаның басқа да қызығушылықтары аясының тарылуына әкеліп соғады. Студент тұлғасының жоғары оқу орнында қалыптасуына мамандығының тигізетін ықпалы үлкен болады.
Төртінші курс –тәжірибеден өту барысында мамандығымен жақын танысу кезеңі. Студентке бұл сатыда мамандығына сәйкес оңтайлы тәсілдер мен формаларды қарқынды іздеу қасиеті тән, өмірі мен мәдениеттің көптеген құндылықтары қайта бағаланады.
Бесінші курс – оқудың аяқталуы - келешекте айналысатын әрекет түріне сәйкес нақты тәжірибелік қағидалардың қалыптасатын кезеңі. Материалдық, жұмыс орнымен және отбасылық жайдайына байланысты жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп, жоғары оқу орны өмірінен алыстай бастайды. Сонымен, студенттердің жас ерекшеліктерін, олардың жалпы әлеуметтік дайындық деңгейін ескеру арқылы, осы кезең ерекшелігін студенттердің танымдылық белсенділігін арттыруға пайдалануға болады. Бұл келешекте студенттің жауапкершілігі мен кәсіби дайындық деңгейін қамтамасыз ететін жетекші механизмдердің бірі болып табылады.

Friday, November 30, 2007

Кешегі күннің күркірі

Жұлдыз апайдың бізге берген 3-күндік сабағы аяқталды.Сабақ барысы өте қызықты болды. Дегенмен ол кісінің бізге деген реніші басым болды-ау деймін .Өйткені үйге берген тапсырманы бір рет орындамаған едік.
Жалпы сабақта жұмыс істеген кезде туындайтын проблемалардың шешу жолдарын қарастырдық.Тақырып қою мәселесі де назардан тыс қалмады.Әрқайсымыз әр-түрлі газеттерді алып тақырыптарының дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы өз ойларымызды ортаға салдық. Нәтижесінде тақырып қоюдың өте маңызды екенін түсіндік. Қорыта айтсақ, Жақсы тақырып, жарты мақала.
Сабақ соңында Жас Алаш газетінің электрондық нұсқасы жаңартылып жатқанын естідік. Енді ол тез ашылып,оқырман қауымының көзайымына айналар деген үміттеміз.

Saturday, November 24, 2007

Жаңалықтармен бөліссек

Жақсы хабарлармен бөлісу игі бір іс. Ендеше өткен аптадағы жаңа сабақтарың (қателеспесем PR бойынша) қалай өткені жайында неге жаңа бір пост жазбасқа, достар?
Алдағы аптада осы блогқа өткен сабақтарыңның қалай өткенін жазсаңдар бек жақсы болар еді. Апта соңына қарай бәлкім бір кездесуге уақыт табармыз, ә?!

Monday, November 19, 2007

Бейбіт пен Бейбітгүл


Осы сенбі күні еліміздегі жас әншілердің бірі Бейбіт Қорған отау құрды. Оның жары Бейбігүл есімді оралдық қыз екен. Үйлену тойы әр адамның өміріндегі ең керемет, ұмытылмас кезең емес пе? Бұл күні сен есейіп үлкен өмірге, яғни жұбайлық өмірге аттанасың. Жас жұбайларды өз атымыздан құттықтап бақыт тілейміз!

Thursday, November 15, 2007

Блогты зерттеу


Мен Адам Кэшердің блогын зерттедім.


Сайттың аты Адам Кэшер. URL мекені adam-kesher.livejournal.com



  1. Сайт орыс және ағылшын тілінде қолданылады

  2. Сайт жеке адамның блогы, Оның тек лақап аты ғана көрсетілген.

  3. Автор Қазақстанда Алматыда тұрады.

  4. Өкініштісі сайттың қашан құрылғанымен белсенділігін қарай алмадым.


  5. Сайтта оқырмандарға пікір қалдыруға болады. Адам Кешердің "Рэкетир" филімі туралы жазған постына 85 comments қалдырылыпты. Бұл меніңше өте жақсы көрсеткіш.


  6. Менің байқауымша автор жан-жақты.


  7. Сайтта жалпы әлемдегі және еліміздегі жаңалықтар жазылады, талқыланады.


  8. Сайтты нақты өзімнің көңілімнен шықты деп айта алмаймын, бірақ жақсы әсер алдым. Сайт азаматтық журналистикаға өз үлесін қосуда.

Тағы да басқа мәліметтерді беруге уақыт тығыз болып тұр. Себебі мен интернеттегі уақытымды тиімді пайдалана алмадым.






Wednesday, November 14, 2007

Медиа мектептегі 10 қызық!

Мектепте оқығанымызға 1,5 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бәріміз талай қызықтардың куәсі болдық. Cоларға толығырақ тоқталсақ.
  1. Танысуымыз! Бір-бірімізбен танысу ойын түрінде өтті. Ойын шарты бойынша аттарымыздың бас әрпінен тұратын көкөніс немесе жемістің атын өз аттарымызға тез тіркеп айту. Сол кездегі аттарымыз:Ақбота (куратор) - алмаИндира - инжирНазира - нан (нан қымбаттаған кез!)Инга - итмұрынАсем - апельсинАқбілек - алмұртМая - миіз Ақбота - ананас Жадыра - жуаШыңғыс - шабдалыДинара - доланаБалжан - булочка
  2. Әркім өзі жайлы айту: үмітім, девизім, өмірде жіберген қателігім.
  3. Алматыдағы Бейбітшілік сарайы. Подводкадағы жаңалық.
  4. Ипотека алушылар саны көбейуіне байланысты хедлайн ойлап табу:Бағила: "Ақшаны ақша табады, ақымақ кетпен шабады" Балжан:"Жалақы жарымды болса, ипотека иірімді болады" Жадыра:"Ипотека алып жүр талай қазақ баласы... "Динара: "Ипотека деушілер көп, пайдасын көрушілер жоқ" Индира: "Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ, ипотеканың соңы жоқ..." (керемет!)
    Шыңғыс:"Қиналғанда құтқарады, қайтарғанда жұтатады"
    Ақбота:"Ипотека итжеккен өмір ме?"
    5. Аққу - Шортан һәм Шаян болдық! Монтаж үстіндегі тартыс. Happy end!
    6. "Мафия" жеңіске жетті!
    7.Бесминут ішінде ұйыдастырылған пресс-конференция, Әкім мен журналисттердің пресс-конференцияда қол соғуы!
    8. Жұмбақ: "Бір жаңылсаң өмір ұмытпайтын жалмауыз, қатал сыншы" (көрермен)
    9. "Принцесса" болып жеңіліп қалдық!
    10. Почта мен блог ашудың қызығы мен шыжығы